Beeline ТЖ жарияланған өңірлердегі қазақстандықтарға қалай көмектесуде
Су тасқынының рекордты деңгейі еліміздің 10 облысына әсер етті. Мемлекет, жеке компаниялар мен қарапайым қазақстандықтар апатқа қарсы тұру үшін бар күш-жігерімен бірлесе күресуде. Жалпы сомасы 132 млн теңгеге тегін байланыс пен интернет, қаржы жинау және техникалық мамандардың тәулік бойғы жұмысы – Beeline компаниясы қиыншылыққа тап болған отандастарды қалай қолдайтынын айтып берді.
Төтенше жағдай кезінде байланыста болу: көмек сұрау үшін, су басқан аудандардағы жақын адамдармен байланысу үшін, эвакуациялау немесе тасыған сумен күресуде жұмыла жұмыс істеу үшін аса маңызды. Сондықтан, төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап Beeline су басқан елді мекендерден эвакуацияланған 33 мыңнан астам абонентті жалпы құны 132 млн теңгеден астам тегін дауыстық байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті. Олар келесі елді мекендердің тұрғындары:
Су тасқыны күн сайын өзгеруде және мамандар апаттың жаңа аймақтарына «цифрлы көмек» пакеттерін жіберуге дайын.
«Біз әрқашан байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін анық түсінеміз, сондықтан төтенше жағдайға тап болған отандастарды қолдауға әрқашан дайынбыз. Мақтааралдағы бөгет жарылған соң, Екібастұз ЖЭО-на апаттан кейін және Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен кейін де солай болды. Біз пандемияны да бірге бастан кештік. Қиын кезеңдерде бірігудің қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, біз өзіміздің коммерциялық қызметіміздің шеңберінен шығуғадайынбыз», - деді Beeline Қазақстан CEO-сы Евгений Настрадин.
Анықтамалық ақпарат:
2022 жылы компания еліміздің барлық жерінде өңірлік 8 мектепті НЗМ стандартына дейін жаңартты.
2020 жылы Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккендерге арнап Beeline-ның көмегімен 32 жаңа үй салынды.
Әрине, оператор абоненттерді өрт, жер сілкінісі, ірі техногендік апаттар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде әрдайым тегін байланыспен қолдайды.
Сонымен қатар, Beeline Қазақстан компаниясы 2023 жылдың қыркүйегінде құрған Zhyly Zhurek Foundation қоры қаржылық көмек жинағын ашты. Көмектесуге ниетті әрбір жан өз үлесін қосып, отандастарын қолдай алады.
«Зардап шеккен отандастарға қалған қазақстандықтардың шетте қалмайтынын және оларға көмектесуге дайын екенін түсіну аса маңызды. Сондықтан біз әрбір абонентімізге шетте қалмауға және су басқан ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуге мүмкіндік беруді шештік. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың арқасында мұны істеу өте оңай: өзіңіз үшін жеке қайырымдылық сомасын анықтап, телефонда бірнеше қарапайым әрекет жасау жеткілікті», — деп жалғастырды Beeline Қазақстан СЕО-сы.
Зардап шеккендерге ақшаны қалай аударуға болады?
1-әдіс. «Менің Beeline-ым» қосымшасында:
- «Төлемдер» бөліміе өтіңіз.
- «Барлық төлем» бөлімінде «Қайырымдылық» бабын таңдаңыз.