Beeline Жапониядағы клиенттерін тегін байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті
5 қаңтар 2024 жыл, Астана қаласы. Компания осы күндері Жапонияда жүрген клиенттерін роумингтегі тегін қызметтермен қамтамасыз етуде.
3 қаңтарда Beeline қазір Жапониядағы 107 клиентіне 14 күнге жарамды 30 минут пен 3 Gb интернет трафигін аударды. Аударымды «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексеруге болады.
1 қаңтарда Жапонияда зілзалалар болғанын естеріңізге саламыз. Көптеген жерлер өртеніп, бірқатар ғимараттар мен инфрақұрылым бұзылды. 4 қаңтардағы деректер бойынша, жер сілкінісі салдарынан кемінде 78 адам қаза тапқан.
***
Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі PR@beeline.kz