Наши проекты KAZ

Төтенше жағдайлар кезінде компания клиенттеріне қолдау көрсету

Су тасқыны кезіндегі көмек
Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету штабы құрылды.
Төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудің жоспары мен әдістемесі белгіленеді

Beeline 3 қаңтарда Жапониядағы107 клиентіне 14 күндік мерзімге 30 минут және 3 Гб интернет-трафик берді.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 43 құтқарушысына және компанияның 678 клиентіне тегін қызмет көрсетті. Компания қазақстандық және түркиялық нөмірлердің кіріс және шығыс қоңыраулары үшін тегін 60 минут және 8 ГБ интернет-трафик бөлді.

Қазақстан Қызыл Айы қоғамымен бірге Түркия мен Сириядағы зілзала салдарынан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін USSD командасы арқылы қайырымдылық көмек жинағын жариялады.

Төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысы Сарысу ауданының 6 453 клиентіне 7 күнге 50 минут, 50 SMS және10 ГБ интернет-трафигін аударды.

БҚО-да орын алған төтенше жағдайға байланысты Алакөл, Ақтай, Қоскөл, Аққозы, Қоржын, Қосбаз, Сәуле, Қарақамыс, Алмазное және Сегізсай елді мекендеріндегі 4396 клиентке 7 күнге 50 минут, 50 SMS және10 ГБ интернет-трафигін аударды.

Компания орман өртіне байланысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты Абай ауданындағы эвакуацияланған 803 тұрғынға, елді мекендердегі өрт сөндірушілерге, әскери қызметкерлерге және еріктілерге тегін қызмет көрсетті.

Компания Газа секторындағы клиенттерін роумингтегі кіріс және шығыс қоңырауларына 30 минут және 2 ГБ тегін байланыс пакеттерімен қамтамасыз етті.

Компания Израильдегі 276 клиентіне 14 күнге 30 минут және 3 ГБ интернет-трафигін аударды.

Ауғанстанға жер сілкінісі салдарын жоюға аттанған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 12 қызметкерлерін 14 күнге 30 минуттық тегін қызмет және 3 ГБ трафикпен қамтамасыз етті.

Су тасқынына байланысты төтенше жағдайдың жариялануы салдарынан компания Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Ақмола облыстарындағы ауылдардың 40 057 тұрғынына 160 млн. теңгеге тегін қызмет көрсетті.

«Жылы жүрек қоры» корпоративтік қорымен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, 12 655 958 теңге жиналды.

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарын қолдау үшін 1 млрд. теңге аударылды.