1 қыркүйек Шелек кентінде жаңа орта мектеп ашылды. Мекеме Beeline Қазақстан мен Zhyly Zhurek корпоративті қайырымдылық қоры бөлген қаражатқа салынды.
Мектептің ғимараты үш қабат, онда оқу қазақ тілінде жүреді, ғимарат университеттік кампус қағидатымен салынып, инклюзивті білім талаптарын ескере отырып жобаланған. Негізгі кіреберісте пандустар, санитарлық тораптарда тұтқалар қарастырылған, жеделсаты бар. 900 оқушы ғимаратқа жас ерекшелігіне қарай төрт есіктің бірінен кіреді, бұл олардың топтасып, сығылыспауы үшін ойластырылған. Вестибюльде ата-аналар күтетін арнаулы аумақ, ал әр қабатта коворкинг және рекреация аумағы бар. Мектептің жалпы ауданы – 13 мың шаршы метр.
Интерактивті тақта мен компьютерлермен жабдықталған пән кабинеттерінен бөлек, мектепте:
Мектеп ауласында баскетбол және футбол алаңдары, жарыс жолы, workout-аумақ және АӘД аумағы, трибуналар мен балалар алаңы орналасқан. Кейінірек, күзде, аумақты көгалдандыру басталады: табиғи қоршау тұрғызылып, қарағай, шетен, қайың, құбатал, алма ағашы, емен және шаған көшеттерінен 85 дана, сондай-ақ 120 дана бөртегүл мен жапон тобылғысы отырғызылады.
Мектептің ашылу салтанатына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.
«Облыста мектеп жасындағы балалар саны жылына 20 мыңға өсіп келеді, сондықтан 50-ден астам мектеп үш ауысыммен жұмыс істеуге мәжбүр. Мемлекеттік бағдарлама аясында біз салып жатқан жаңа мектептер сұранысты қамтамасыз етіп үлгермей жатыр. Жеке бизнес атынан Beeline Kazakhstan-ның бізге көмектесіп, Шелекте мектеп салып бергеніне қуаныштымыз», - деді Марат Сұлтанғазиев ашылу салтанатында.
Бұл Beeline компаниясының мектеп білімі саласындағы бірінші тәжірибесі емес. 2022 жылы Beeline Қазақстан компаниясы, акционерлері VEON жария телекоммуникация компаниясы мен Болат Өтемұратовтың «Верный Капитал» компаниялар тобы, ауылдық жерлердегі 8 тірек мектепті жаңғыртуға 2 млрд теңге бөлді. Оқу ғимараттарында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаздарды ауыстырды, техникалық тұрғыдан жабдықтап, жаңа аумақтар: STEM-кабинеттер, арт-студиялар мен шеберханалар ашты.
2023 жылы Beeline-да Zhyly Zhurek корпоративті қайырымдылық қоры ашылып, компания жеткен жетістігімен тоқтамауды ұйғарды.
— Ауыл мектептерін жаңғырту бізді шабыттандырғаны сондай, біз жаңа деңгейге шығуды – басынан бастап жаңа мектеп салуды, содан соң оны әкімдікке беруді шештік. Бір жарым жыл бұрын мектептің орнында бос алаңқай болатын, ал қазір біз осында оқитын балалардың жарқын жүзін көріп, осы істің қолымыздан келгеніне қуанып отырмыз», — деді қор басшысы Анар Жұмағұлова.
Іске асқан жоба компанияның бірнеше құндылығын қамтиды. Біріншісі – тең мүмкіндік. Өзінің негізгі қызметінде Beeline ауылдарда базалық станциялар орнатып, сол арқылы қала және ауыл тұрғындарының цифрлы мүмкіндіктерін теңестіруде. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде кішкентай қазастандықтардың сапалы орта білімді жайлы жағдайда алуына көмектесуде.
Екінші құндылық – жергілікті дарындарды дамыту. 2018 жылы Beeline дайын вендорлық шешімдерді пайдаланбай, ұйым ішінде ІТ-әзірлеушілер командасын жасақтау туралы шешім қабылдады. Бес жылда бұл команда Beeline-ға ғана емес, басқа да қазақстандық және шетелдік компаниялар үшін цифрлы шешімдер әзірлейтін QazQode компаниясына айналды.
— Мектептегі білім — еліміздің болашақ мамандары мен сарапшыларының кәсіби дағдысы мен білімін қалыптастыратын іргетас. Осы бағытта жүздеген баланың қадам жасауына көмектескенімізге қуаныштымыз. Бұл ауқымды әрі маңызды жоба болды, бірақ нәтижесінде біз балаларға, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне жайлы, тату әрі техникалық жабдықталған орта жасап шықтық. Уақытты осы жерде өткізгің: оқығың, ойнағың, спортпен айналысқың келеді, - деп Beeline Қазақстан СЕО-сы Евгений Настрадин өз сезімін бөлісті.
Жаңа мектепке балалар да дән риза: балдырғандар алаңда ойнап жүрсе, ересек балалар коворкинг аумақпен танысуда, ал енді бірі қабырға шахматын ойнап жүр.
Біздің топтың компаниялары үшін мемлекеттік мектептерді салу және жабдықтау бағытындағы үшінші қайырымдылық жоба. Қосшыда, Есікте сапалы заманауи мектептер оқушыларды қабылдап жатса, енді Шелек ауылында да қабылдауды бастады. Біз, жеке бизнес жастарды қолдауда белсенді рөл атқаруы керек деп сенеміз, — деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Айдан Аканов.

- әртүрлі зертханалар мен шеберханалар,
- робототехника, графика және жобалау кабинеттері,
- фотостудия,
- киім шешінетін бөлмелер мен душтары бар екі спорт зал,
- 287 орындық асхана, компьютерлік жұмыс орындары, жұмсақ жиһазы мен топтасып оқу кабинкалары бар кітапхана
- 186 орындық акт залы жасақталған.