Connect-Ed қоры мен Beeline Қазақстан цифрлық теңсіздікті қалай азайтып жатыр
ER10.kz сайты Beeline Қазақстанның корпоративтік Zhyly Zhurek Foundation қорының директоры Анар Жұмағұлова және Connect-Ed қорының негізін қалаушы Гүлназ Кордановамен сұхбаттасты. Олар командаларының цифрлық теңсіздікті азайтып, технологияларды әрбір қазақстандыққа қолжетімді ету үшін қалай бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтып берді.