Новости KZ

Enactus-тың үш үздік диджитал-стартапы Beeline-нан гранттарды алды

Enactus-тың үш үздік диджитал-стартабы Beeline гранттарын алды
2022 жылғы 1 желтоқсан, Алматы қ. Beeline Қазақстан «Жарқын жақта өмір сүр» студенттік диджитал жобалары 5-ші байқауының нәтижелерін жариялады. Жеңімпаздар Алматы қ. 24-26 қарашада өткен Enactus Kazakhstan Business Collaboration Forum-да аталды.

Барлығы байқауға қатысуға 48 жоба келіп түсті, оның 12-і қорғауға өтті. Жобалардың сапасын арттыру мақсатында Beeline менторлық мүмкіндігімен компания сарапшыларын тартумен арнайы бзненс-инкубаторды ұйымдастырады. Жеңімпаз болып Талдықорған қ. ФМБ НЗМ командасы болды, олар “See the future” жобасы үшін 1 000 000 теңге грант алды. Бұл көзі көрмейтін адамдарға кеңестікте бейімделуге көмектесетін және олардың күнделікті өмірін ықшамдайтын, шлем және интеграцияланған қосымшадан тұратын экосистема. Бүгінгі күні 160 000-нан астам қазақстандықтарда көру проблемалары бар. “See the future” жобасының көмегімен көру қабілетінен төлық айырылған адамдар қоғамдық орындарда еркін жүре алады.

«Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында «S'eber» жобасымен – бұл аудиовизуалды контентті қазақ тіліне аудару және дубляж жасау, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университет командасы ұтты.

«Үздік коммерциялық жоба» болып Қазақстан-Британ техникалық университетінің командасынан «Jas wallet» жобасы танылды. «Jas wallet» криптовалюта ұстаушыларына сайт және мобильді қосымшаның көмегімен тауарлар мен қызмет көрсетулерді, ақшаны айырбастау сияқты қаржы операцияларын жасауға көмектесуге арналған. Бүгінгі күні команда жеке пайдаланушылармен жұмыс жасайды, бірақ жақын арада қызметтерін ірі қаржы ұйымдарына ұсынуға дайын.

«Beeline Қазақстан нарық көшбасшысы ретінде дарынды жастарды қолдайды және олардың бірегей идеяларын дамытуға көмектеседі. Осы байқауды бесінші жыл өткізіп отырмыз және келіп түсетін өтінімдердің деңгейі мен санының артуын атап өткіміз келеді. Жеңімпаздарды құттықтаймын, оларға және барлық қатысушыларға табыс пен өркендеуді тілеймін», - деп пікірін білдірген Алексей Шаравар, Beeline Қазақстан Өзгертулер мен ақпараттық технологиялар жөніндегі директоры.

«ENACTUS халықаралық бағдарламасы заманауи білім алаңы мен тұлғаны қалыптастырудың табысты ортасы болып табылады. Beeline Қазақстан компаниясының тығыз ынтымақтастығы мен қолдауымен табысты компаниялармен тең IT стартаптарды іске асыруда. Біз қатысушылардың нәтижелерімен өте шабыттандық және компания сарапшыларына студенттерді қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Қазақстандық жастардың бәсекелестігін арттыра отырып, біз олардың отандық бизнесте белсенді қатысуын арттырамыз», - деп баяндайды Альбина Ержанова, Enactus Қазақстан президенті.

Осы жылы бизнес пен жастар қоры серіктестігінің табыстылығы мен маңыздылығы халыаралық деңгейде атап өтілді. Beeline&Enactus жобасы EMBRAS 2022 сыйлығының алтын жүлдегері атанды.

***

Қосымша ақпаартты алу үшін осында жүгінуге болады:

Beeline Қазақстан Корпоративті коммуникациялар жөніндегі қызметі, PR@beeline.kz