Новости KZ

Beeline Жамбыл облысындағы ТЖ аумағындағы клиенттерін тегін байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті

4 қаңтар 2023 ж., Астана қаласы. Компания табиғат амалының салдарынан төтенше жағдай жарияланған Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрғындарын тегін қызметпен қамтамасыз етеді.

ТЖ-ға байланысты, Beeline-ның барлық клиентіне – аудандағы 6385 тұрғынға – ҚР-дағы барлық нөмірге қоңырау шалатын 50 минут пен 50 SMS және 10 ГБ интернет-трафик 7 күнге беріледі. Ол туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланады. Аударымды «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексеруге болады.

Естеріңізге саламыз, 3 қаңтарда Сарысу ауданында бораннан электр желісінің бағандары құлап, үйлер жарықсыз және жылусыз қалды. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, осы өңірде қазір жылдамдығы 30 м/с дейінгі жел соғып тұр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары боран басылған соң басталады. Жаңатас қаласының мектептерінде жылынатын пункттер дайындалды, сол жерде тұрғындар ыстық ас-сумен қамтамасыз етіледі. Электр желісі қалпына келген соң, жылу беріледі.



***

Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz
2024-05-16 15:03