Beeline және компанияның «Zhyly Zhurek Foundation» корпоративтік қоры Орал қаласындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 45 отбасыға пәтер сатып алды. Beeline абоненттері жинаған қаражатқа қосымша тағы бір пәтер сатып алынды.
24 қыркүйекте Орал қаласында көктемгі су тасқынынан үйлерінен айырылған Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына 45 пәтер салтанатты түрде табысталды. Соңғы онжылдықта орын алған Қазақстандағы ең ірі су тасқыны Орал қаласының шамамен екі мың саяжай тұрғынын баспанасыз қалдырды. Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, залалды өтеуге 10 500 өтініш берілген.
Beeline компаниясы мен оның Zhyly Zhurek корпоративтік қоры көмек сұрауына жедел үн қатып, зардап шеккен отбасыларға жаңа баспана сатып алуға 1 миллиард теңге бөлді. Beeline Қазақстанның СЕО-сы Евгений Настрадин мұндай сәттерде қазақстандықтарды қолдау - компания миссиясының маңызды бір бөлігі екенін атап өтті:
«Біздің компания тек телеком қызметтерін көрсетумен және цифрлы өнімдерді дамытумен шектелмейді — біз қоғамның әл-ауқатын жақсартуға ұмтыламыз. Табиғи апат сияқты сындарлы сәттерде тек технологиялық көмек емес, сонымен қатар адамгершілік қолдау да маңызды екенін түсінеміз. Зардап шеккендерге жаңа пәтерлер беру — жай ғана материалдық көмек емес, қазақстандықтардың өмірін қалпына келтіруге және жақсартуға қосқан үлесіміз. Мұндай бастамалар адамдардың тұрақтылық пен қауіпсіздікке оралуына көмектеседі деп сенеміз».
Zhyly Zhurek қоры 2023 жылдың қараша айында құрылып, жұмысын бастағаннан бері, табиғи апаттардан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетуге, сондай-ақ білім беру жүйесін дамытуға және әртүрлілік пен инклюзивтілікті қолдауға атсалысып келеді. Осы бағдарлама аясында қор көптеген бастаманы іске асырды, соның ішінде ауыл мектептеріне көмек көрсетіп, елдің басқа аймақтарында да зардап шеккендерге үй салып берді.
«Біздің қор мұқтаж жандарға шынайы көмек көрсету үшін құрылды. 45 отбасыны жаңа үймен қамтамасыз еткенімізге қуаныштымыз, олар енді сол жерде жаңа өмір бастай алады. Осы маңызды істе белсенді көмек көрсеткені және қолдағаны үшін Орал қаласының әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Баспана – кез келген адамның негізгі қажеттілігі. Жаңа үймен осы адамдардың ертеңгі күнге деген сенімін қайтарғанымызға қуаныштымыз», — деп Zhyly Zhurek қорының директоры Анар Жұмағұлова атап өтті.
Тұрғын үй түрін өздері таңдауға мүмкіндік алған зардап шеккендердің басым көпшілігі жаңа үйлерге көшуді бастап та кетті. Облыстық әкімдік көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін берді және осы деректер негізінде Zhyly Zhurek қоры бастапқы және қайталама нарықтан пәтер сатып алуға 45 шарт жасасты.
Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жандос Дүйсенғалиев бұл қолдаудың маңыздылығын былай атап өтті:
«Көктемгі су тасқыны облысымыздың көптеген тұрғыны үшін үлкен сынақ болды, Beeline мен Zhyly Zhurek қорының осындай сәттегі көмегіне баға жетпейді. Солардың қолдауының арқасында ондаған отбасы тұрмысын қалпына келтіріп, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік алды».
Тұрғын үй берумен қатар, Beeline көктемгі су тасқыны кезінде тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес, бүкіл ел бойынша зардап шеккен аудандардағы 41,5 мың абонентті 165 миллион теңгеден астам сомаға тегін байланыс және интернетпен қамтамасыз етті. Бұл қолдау адамдардың төтенше жағдай кезінде байланыста болып, маңызды ақпаратты алуына мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Beeline мен Zhyly Zhurek қоры Beeline клиенттері жинаған қаражатқа тағы бір пәтер сатып алды.
«Біз көктемгі су тасқыны кезінде үн қатып, өз үлесін қосқан барлық клиентімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, біздің бастамамызды қолдап, қайырымдылық жинау туралы ақпарат таратқан БАҚ-қа да ризашылығымыз зор. Сіздердің көмектеріңізбен 45 отбасынан бөлек, тағы бір отбасы қоныс тойын тойлайды», - деп Анар Жұмағұлова атап өтті.