Наши проекты KAZ

Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына компания 2 млрд. теңге бөлді.

Жоба аясында Қазақстанның ауыл мектептері жаңа құралдармен, техникамен жабдықталып, жүздеген мұғалімдер заманауи оқыту әдістемелері бойынша тәжірибелерін шыңдады. Компания қаржыландырған 8 мектепте 280-ге жуық оқу кабинеті жаңартылды. Жобада 1 балаға жұмсалатын шығынның орташа сомасы – 329 мың теңге, яғни 4656 бала Beeline жаңартқан мектептерде оқиды.


«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) жыл сайынғы сыйлығының «Қоғамды дамытуға арналған үздік жоба» номинациясын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі 27 мамырда өтті.
AmCham Awards дәстүрлі түрде Америка сауда палатасына мүше компаниялардың маңызды жетістіктерін көрсету үшін өткізіледі. Beeline Қазақстан "AmCham-ға мүше компанияның қоғам өмірін жақсартуға қосқан үздік корпоративті үлесі" үшін осы құрметке ие болды.

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы Қазақстанның Еуразиялық бизнес қауымдастығының (EUROBAK) премиясында «CSR» номинациясын ұтты. Марапаттау рәсімі 2 қарашада өтті. EUROBAK премиясы - «Адам ресурстарын дамыту», «Ақпараттық технологиялар және модернизация», «Маркетинг және PR» және «Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік (CSR)» санаттарында әртүрлі секторлардағы компаниялар қабылдайтын әлеуметтік және бизнес бастамаларды жарыққа шығару үшін өткізілетін.



2024-05-17 11:37