Новости KZ

Beeline Газа секторындағы абоненттерін тегін байланыс және интернетпен қамтамасыз етті.

Beeline Газа секторындағы клиенттеріне тегін интернет пен роуминг бөлді
23 қазан 2023 ж., Астана қаласы. Beeline Газа секторы аумағындағы өзінің абоненттеріне қолдау көрсету мақсатында роумингтегі байланыс қызметімен тегін қамтамасыз етті.

Компания қоңырау қабылдауға және қоңырау шалуға 30 минут және 2 ГБ интернет-трафигін аударды. Қажет болған жағдайда бөлінген байланыс пакеттері ұзартылады. Бұл туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланды. Beeline клиенттері аударымды «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексере алады.

Естеріңізге саламыз, 7 қазанда араб-израиль қақтығысы шиеленісе түсті. Газа секторы Израильге зымырандар атып, кейінірек, қарсы жауап ретінде Израиль «Темір қылыш» операциясын бастады. Соңғы деректерге сүйенсек, Газа секторындағы құрбандар саны 4,6 мың адамнан асып, 14 мыңнан астам адам жарақаттанды. Израильде 1,3 мыңнан астам адам қаза тауып, ХАМАС 250-ге жуық адамды тұтқында ұстап отыр.