Новости KZ

Beeline Абай облысындағы ТЖ аймағындағы өз клиенттерін және өрт сөндіруге қатысушылардың барлығын тегін байланыс пен интернетпен қамтамасыз етті

Beeline Абай ауданындағы төтенше жағдай аймағындағы клиенттеріне және өртті сөндіруге көмектескендерге тегін байланыс пен интернет ұсынды.
2023 ж. 12 маусым, Астана қ. Компания орман өртімен байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған Абай облысының эвакуацияланған елді мекен тұрғындарын тегін қызметтермен қамтамасыз етті. ТЖ аймағында өрт сөндіруге қатысатын ТЖМ қызметкерлеріне, мерзімді әскери қызметшілер мен еріктілерге тегін мобильді интернет пен байланыспен ұсынылды.

Төтенше жағдайға байланысты, Beeline барлық клиенттеріне – Каштак, Тепкаши елді мекендерінің тұрғындарына, Половинка, Бұлақ және Озерское ауылдарының тұрғындарына, сондай-ақ ТЖМ қызметкерлеріне теңгерімге ҚР бойынша барлық нөмірлеріне 50 минут пен 50 SMS және 7 күнге 10 ГБ интернет-трафигін аударды. Абоненттерге бұл туралы SMS арқылы хабарланды. Аударымды "Менің Beeline-ым" қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексеруге болады.

9 маусым күні Абай облысында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланғанын естеріңізге саламыз. Өрт аумағы 60 мың га құрайды. Жақын аудандардың тұрғындары эвакуацияланды. «Семей орманы» қорығында болған ірі орман өртін жою жұмыстары барысында Новошульбі филиалының 14 қызметкері қаза тапты. 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.



***

Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz