Новости KZ

Beeline Қазақстан комплаенс бағдарламасы бойынша тегін тренинг өткізді

Beeline Қазақстан комплаенс бағдарламасы бойынша тегін тренинг өткізді
2022 жылдың 24-25 қарашасында Beeline сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның жеңімпаздары үшін комплаенс бағдарламасы бойынша тегін тренинг өткізді. Тренингке «Ұ.Д.Қантаев атындағы «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «ҚазЦентр» ТКШ» АҚ, «Зерде» оқу орталығы» ЖШС компаниялары шақырту алды.

Оқыту бағдарламасы ауқымды: «Beeline Қазақстанның корпоративтік мәдениеті», «Саясаттар мен рәсімдер», «Мүдделер қақтығысы», «Тәуекелді бағалау (CRR/ABC/Audit) тақырыптары бойынша кейс-стадилер түріндегі практикалық тапсырмаларды қамтыды. Сонымен қатар, «Контрагенттердің сенімділігін тексеру», «Тәуекел көрсеткіштері. Фасилитация», «Проблемалық аймақтарды анықтау», «Шешім жобасын жасау» тақырыптарында тренингтер өтті.