Пәтердің кілті 24 қыркүйекте салтанатты түрде табысталды. Көктемдегі су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылғандар қайтадан үйлі болды. Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, көмек сұраған қазақстандықтардан 10,5 мыңнан астам өтініш түскен. Beeline қазақстандықтардың қажеттіліктеріне бей-жай қарамай, Zhyly Zhurek қоры арқылы жедел жаңа пәтерлер сатып алуға 1 миллиард теңге бөлді. Сонымен қатар, Beeline абоненттері жинаған қаражатқа тағы бір пәтер сатып алынды.