СМИ о нас KZ

Тең мүмкіндік: Шелек ауылына Beeline заманауи мектеп сыйлады

Алматы облысының Шелек ауылында жаңа мектеп ашылды. 900 оқушы жайлы жағдайда білім алады. Zakon.kz тілшісі оқу мекемесіне барып, қандай қызықтар барын көріп қайтты.

1 қыркүйек Шелек ауылында жан тебірентер күн болды. Мұнда Әбдуали Қайдаров атындағы қазақ орта мектебі 900 оқушыға есіктерін айқара ашты. Бұл – бүкіл ауыл үшін тарихи сәт, өйткені ауылда соңғы технологиялармен жабдықталған заманауи ғимарат пайда болды.

Үш қабатты ғимарат Zhyly Zhurek корпоративті қоры мен «Beeline Қазақстанның» қаражатына салынып, толық жабдықталды.

Мектептің ашылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек басынан өткен әсерлі сәтін кішкентай қазақстандықтармен бөлісіп, жеңіске жету сыры – білімде екенін атап өтті. Армандаудан қорықпайтын жан ғана биік белестерді бағындырады