СМИ о нас KZ

Beeline мен Zhyly Zhurek қоры су тасқынынан зардап шеккендерге баспана алуды жалғастыруда

Мобильді оператор мен Zhyly Zhurek қоры су тасқынынан зардап шеккен Орал тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етті. Зардап шеккендердің бірі Игорь Романов Байқоныс ауылынан жаңа үйге ие болды. Облыс әкімдігінің деректеріне сүйенсек, зардап шеккендердің көпшілігі жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанып үлгерген. Тұрғындарға 1 548 нысан берілді, олардың 375-і жаңадан салынған.

Зардап шеккендерге арнап баспана салуды және сатып алуды ірі кәсіпкерлер қаржыландыруда. Алғашқылардың бірі болып бастаманы Beeline компаниясы көтеріп, су тасқынынан зардап шеккендерді қолдауға "Zhyly Zhurek" корпоративтік қоры арқылы 1 миллиард теңге бөлді. Осы күнге дейін 41 шарт жасалған, бір айдың ішінде отбасылар жаңа баспанасының кілтін алады.