СМИ о нас KZ

Beeline мен «Жылы жүрек» Оралда су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы пәтерлерді сыйға тартты

Үйлері су тасқынынан зардап шеккен көп балалы отбасылар, зейнеткерлер мен жалғыз басты аналарға көмекке келген ірі кәсіпорындармен қатар Beeline да қол ұшын берді. Компания өзінің қайырымдылық қоры арқылы зардап шеккендерге баспана алуға 1 млрд теңге бөлді. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін қала әкімдігі ұсынды.