Новости KZ

Zhyly Zhurek мектебінде алғашқы түлектерге арналып соңғы қоңырау соғылды

Алматы облысының Шелек ауылында алғашқы "соңғы" қоңырау соғылды. Beeline Қазақстан және Zhyly Zhurek корпоративтік қорының қаражатына салынған Әбдуали Қайдар атындағы білім ордасы 2024 жылғы 1 қыркүйекте ашылған болатын. Араға бір жыл салып, мектеп өз тарихындағы алғашқы түлектерін – жарқын армандарға, ересек өмірге шығарып салды.
Бұл мектеп әлемдегі ең үздік білім беру жобаларының сәулеттік жобаларына сай өзінің 900 оқушыға арналған13 мың шаршы метрге салынған үш қабатты аумағымен таң қалдырады. Мұнда қазіргі мектеп оқушылары мен олардың мұғалімдеріне керекті жабдықтардың барлығы бар. Зертханаларда балалар тәжірибелер жүргізеді, STEM және робототехника кабинеттерінде макеттер құрастырады, 3D принтерлерде бөлшектерді басып шығаруды үйренеді. Кітапханада кітаптарды қоймадан көтеруге арналған арнайы жеделсаты бар. Спорт залдары, акт залы, ойын және шығармашылық студиялар да бар.