6 қараша 2023 ж., Астана қаласы. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы Қазақстанның Еуразиялық бизнес қауымдастығының (EUROBAK) премиясында «CSR» номинациясын ұтты. Марапаттау рәсімі 2 қарашада өтті. EUROBAK премиясы - «Адам ресурстарын дамыту», «Ақпараттық технологиялар және модернизация», «Маркетинг және PR» және «Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік (CSR)» санаттарында әртүрлі секторлардағы компаниялар қабылдайтын әлеуметтік және бизнес бастамаларды жарыққа шығару үшін өткізілетін.
«Жобамыздың басты мақсаты – ауыл балаларына сапалы білім беру және дамыту үшін тең мүмкіндіктер беру. Ол ең алдымен серіктестеріміздің: «Қазақстан халқына» қорының, Білім беруді тұрақты дамыту қорының, AITAS холдингінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арқасында іске асырылып, дамып жатыр. Премияда үздік атану - осындай қоғамдық қызметті бизнес-қауымдастықтың мойындауы деп білеміз. EUROBAK сыйлығының жеңімпазы болу біздің компания үшін үлкен мәртебе», - деп бөлісті Beeline Қазақстан СЕО-сы Евгений Настрадин.
«Биыл қарауға ұсынылған рекордтық 29 өтінімді біз ұзақ талқыладық. Қазылар алқасының алдында аса күрделі іріктеу міндеті тұрды, өйткені әрбір жоба компаниялар үшін, қоғам үшін - аса маңызды, әрі мәнді. Олардың саланы қамтуы мен қоғамның дамуына қосатын оң әсері бізді шабыттандырып, іскерлік қауымдастықта бірлесіп атқарған жұмыстарымыздың маңыздылығын көрсетеді. Beeline-ды CSR санатындағы жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз», - дейді EUROBAK атқарушы директоры Юлия Кусиди.
Естеріңізге сала кетейік, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру үшін Beeline 2 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражатқа еліміздің түрлі өңірлеріндегі 8 ауыл мектебі жаңартылды. Бұл мектептердің кабинеттеріне жаңа парталар, вандалға қарсы орындықтар, интерактивті тақталар, компьютерлер беріліп, STEM-кабинеттер, арт-және телестудиялар, даму бөлімдері, шеберханалар, жаңа спорт залдары, асханалар, кітапханалар жаңартылды. Мұғалімдер НЗМ оқытушыларынан білім алып, мектеп бағдарламаларын жетілдіреді және басқа ауылдардағы әріптестерімен тәжірибе алмасады. Жоба аясында 4656 бала білім берудің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді, 280 оқу кабинеті жаңартылды, 1 оқушыға жұмсалатын шығынның орташа сомасы 329 мың теңгені құрады.
***
Қазақстанның Еуропалық Бизнес қауымдастығы (EUROBAK) - 1999 жылы құрылған, коммерциялық емес тәуелсіз ұйым, ол Қазақстанда жұмыс істейтін және инвестиция салатын Еуропалық Одақ компанияларының және Қазақстандағы Еуропалық Комиссия делегациясының бірлескен бастамасы бойынша құрылған. Қауымдастық Қазақстанда Еуропалық бизнестің мүдделерін білдіру, Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі ретінде ЕО имиджін насихаттау және өз бизнесін бастайтын немесе Қазақстанға инвестиция салатын компанияларға бизнес және жергілікті мәдени дәстүрлер саласында ұсыныстар беру мақсатында құрылған.
***
Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz