Beeline Қазақстанның "Zhyly Zhurek Foundation" корпоративтік қоры 2023 жылдың қараша айында құрылды. Біздің әлеуметтік жауапкершілік саясатымыз ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады және негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Қор құрылғанға дейін компанияда корпоративтік волонтерлік бағдарламасы болды.
Beeline Қазақстан 2008 жылдан бері «Жылы жүрек» волонтерлік бағдарламасын жүргізіп келеді (2014 жылға дейін – «Отзывчивые сердца»). Бағдарлама аясында компания қызметкерлері әлеуметтік мекемелерге көмектеседі, сенбіліктер өткізеді, ағаш отырғызады және науқас балаларды емдеуге қаражат жинайды. Әрбір қызметкер әлеуметтік немесе қайырымдылық іс-шарасын өткізу идеясын ұсына алады.
Жыл сайын Beeline компаниясының 50-ден астам қызметкері «Асыл Мирас» қоры ұйымдастырған қайырымдылық велошеруіне қатысады. Жарысқа қатысу үшін жиналған барлық қаражатты балалар емдеу мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге аударады.
Компания қызметкерлері әлеуметтік мекемелерде, балалар үйінде, мүгедек балаларға арналған орталықтар мен мектептерде, жетім балаларға және дарынды балаларға арналған интернаттарда мастер-класстар, танымдық, мерекелік іс-шаралар өткізеді.
2015 жылғы Жаңа жыл қарсаңында еліміздің түрлі аймақтарындағы балалар үйінде мерекелік кештер мен «Аяз атадан сыйлық» акциясын ұйымдастырып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың армандарын орындады.
2015 жылы қызметкерлер компанияның қолдауымен «Линия Жизни» республикалық әлеуметтік жобасының волонтерлері атанды. Жоба аясында Қазақстандағы барлық Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне жедел жәрдем шақыру үшін орнатылған түймесі бар арнайы мобильді құрылғылар сыйлады.
2021 жылы біз «Ковчег» балалар мекемесіне жиһаздар мен жабдықтар сыйладық, 50-ден астам көп балалы отбасыларға, 16 балалар үйіне және оңалту орталықтарына қолдау көрсеттік, Қарағанды қаласындағы "Аутист балалардың ата-аналар Ассоциациясы" қоғамдық қорын қолдау мақсатында қызметкерлер арасында қайырымдылық марафонын ұйымдастырдық.
Beeline&Enactus цифрлық стартаптар байқауын, бизнес-инкубаторлар өткізіп, үздік жобаларға гранттар бөлдік.
2014 жылдан бері біз «Шексіз мүмкіндіктер» жобасын жүзеге асырудамыз, Жоба аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған 20 әлеуметтік мекеме Beeline-ның құны 72 миллион теңге құрайтын тегін интернетін пайдаланады.
Мақтаарал қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында 50 үй салдық.
Компания 2022 жылы «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына 2 миллиард теңге бөлді.
2014 жылдан бері біз әлеуметтік инвестициялар мен қайырымдылыққа 4,9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлдік.
Төтенше жағдайлар кезінде компания клиенттеріне және алғашқы көмек көрсетуге құрылатын құтқарушылар мен дәрігерлер, еріктілер тобына көмек ретінде тегін байланыс қызметтерін ұсынады.