Beeline Қазақстанның "Zhyly Zhurek Foundation" корпоративтік қоры 2023 жылдың қараша айында құрылды. Біздің әлеуметтік жауапкершілік саясатымыз ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады және негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Білім беру саласын қолдауға, дамытуға және мейлінше көп оқушыларға сапалы білім беруге арналғанжобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру.
Табиғи, техногендiк және әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі туындағанда, төтенше жағдай орын алған аймақтағы халыққа қайырымдылық көмек көрсету.
Барлық деңгейде (веб-сайттар мен цифрлық қосымшаларды қоса алғанда) кез-келген тұтынушылардың ерекшеліктерін қанағатттандыра алатын қолжетімді өнімдер мен қызметтерді ұсыну, және Қазақстан қоғамын дамыту мен қолдауға арналған әлеуметтік жобалар.
2 млрд теңге
2022 жылы «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына бөлінген қаражат сомасы
1 млрд теңге
2024 жылы су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген қайырымдылық қаражатының сомасы
160 млн теңге
2024 жылы су басқан елді мекендердің тұрғындарына тегін көрсетілген қызметтер көлемі
50 үй
2020 жылы Мақтаралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге салынды