Мұнда негізгі вестибюль, арнайы фильтр орнатылған балалар бөліміне жеке кіреберіс, тіркеу орындары мен гардероб орналасады.
Сондай-ақ бұл қабатта КТ, МРТ және рентген кабинеттері бар сәулелік диагностика бөлімі, дәріхана пункті мен анализге биоматериал алу орындары болады.
Қажетті қызметтердің бәрі – алғашқы қадамнан-ақ қолжетімді.
Емханада жалпы практика дәрігерлері мен терапевтерге арналған 6 кабинет, оториноларинголог, офтальмолог, стоматолог, хирургиялық көмек көрсету кабинеттері орналасады.
Пациенттер үшін күндізгі стационар қарастырылған. Екі бөлімде ортақ мейірбике бекеті қызмет көрсетеді.
Әйелдер консультациясында акушер-гинеколог қабылдайды және УДЗ және ФКГ қызметтері көрсетіледі. Медициналық қызметкерлер үшін әкімшілік блок және 24 орындық конференц-зал болады.
Double A Design Group әзірлеген дизайн-концепциясы медициналық кеңістікке жаңаша көзқарас ұсынады. Ашық еменмен, сәлбенмен түстес жұмсақ бояулар мен табиғи жарық кеңістікке жылу беріп, пациенттер мен дәрігерлер үшін жайлы әрі тартымды атмосфера қалыптастырады.
Балалар бөлімі кішкентай пациенттер өздерін жайлы әрі еркін сезінетін мейірімді және тыныш орта ретінде жобаланған.
Тіркеу орнындағы аласа үстелдер балалармен көз деңгейінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жылы сары және ақ түстердің үйлесімі мен бұлт бейнелері кеңістікке жеңіл, ойынға толы көңіл күй сыйлайды.
Фильтр орнатылған жеке вестибюль пациент ағынын бөлуге және инфекциялардың өзара таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Ірі әрі анық әріптер, түрлі түстермен бөлінген аймақтар, қабырғалар мен едендегі визуалды белгілер пациенттерге қажетті бағытты оңай табуға көмектеседі.
Навигациялық жүйе пациенттер ағынын реттеп, олардың қажетті бөлімге кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, навигация - интерьердің дизайнымен үйлеседі.
Емхана кеңістігі мүмкіндігі, қозғалысы шектеулі пациенттердің қажеттіліктерін ескере отырып жобаланған. Кез-келген адам ғимарат ішінде қауіпсіз, еркін әрі өздігінен қозғала алады.
Емханада пандустар, тактильді бағыттаушы жолақтар және табалдырықсыз кіреберістер болады. Жүк көтергіштігі 1 000 кг үш жолаушылар лифті барлық қабатқа ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді.
Екінші және үшінші қабаттарда қозғалысы шектеулі адамдарға арналған қауіпсіз аймақтар, ал арнайы санитариялық тораптарда жедел көмек шақыруға арналған шұғыл шақыру жүйесі бар.